Жаңалықтар | Новости

Конгода Эболаға қарсы вакцинация басталды

Конго Демократиялық республикасында Эболаға қарсы вакцинация басталды, – деп хабарлайды Reuters.

Бірінші болып вакцина Эбола жұқтырған алғашқы науқас жатқызылған медициналық орталық қызметкерлеріне салынды.

“Эболаға қарсы вакцинация кампаниясы Конго Демократиялық республикасындағы Бутембода басталды”, – делінген орталықтың Twitter желісіндегі парақшасында.

ДДҰ мәліметінше, жұма күні қалаға Эболаға қарсы 1,2 доза вакцина мен вакцинацияға қажет жабдықтар әкелінген.

Конго республикасы мұның алдындағы вирус ошағы болған Бутембода вирус қайта тарай бастағаны 7 ақпанда белгілі болғанын растады.

Айта кетейік, 2021 жылдың қаңтарында 44 жыл бұрын Эбола вирусын анықтаған микробиолог Жан-Жак Муембе-Тамфум елде қайтадан вирус тарауы мүмкін екенін ескерткен болатын. Ғалымның бұл мәлімдемесінен кейін Гвинея вирус тарай бастағанын хабарлады.

Комментарий