Жаңалықтар | НовостиҚұқық | Право

Тергеу изоляторында қамауда отырған  жазаланушылар профилактикалық тексерістен өтті

Қызылорда қаласындағы тергеу изоляторында қамауда  отырған азаматтар ҚР ІІМ-нің 2020 жылғы 28 қазандағы 745 бұйрығының 65-66 тармағына сәйкес, профилактикалық тексерістен өтті. Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық –атқару жүйесі департаменті мен Облыстық денсаулық сақтау басқармасы арасындағы меморандум шеңберінде № 6 қалалық емхананың тар буынды мамандары шақыртылды. Мақсаты айыпталушылар мен сотталғандар арасында өлім жағдайын болдырмаудың алдын алу және созылмалы ауруларды анықтау мақсатында болды.

Мекемеде 0,5бірлікпен жұмыс жасайтын 7 сала дәрігерлерімен бірлесе өткізген кезекті тексерістен қамаудағы 224 сотталғандар мен айыпталушылар өтті.

Олардың ішінде: лор дәрігерінен -10 азамат, 1 азамат кардиологтан, эндикрологтан-1 , психотерапевтен -3 азамат  ем алды.

Білгір де,білікті дәрігерлердің қарауында болып, ем қабылдағандар ақ халаттыларға алғыс айтып,ризашылығын білдірді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Комментарий