Жаңалықтар | Новости

Мьянмада интернет толық дерлік өшірілді

Мьянмадағы наразылықтар аясында интернет толығымен дерлік өшірілді. Бұл туралы әлем бойынша интернеттің жұмысын талдайтын NetBlocks үкіметтік емес ұйымы әлеуметтік желіде жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

NetBlocks мәліметінше, Мьянмада интернет тек 14 пайызға қолжетімді. Дүйсенбіде Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 00:30-да елде интернет толық дерлік өшірілген.

“Генералдар Мьянма халқына соғыс жариялаған сияқты: түнгі рейдтер, ұсталғандар және құқығы тапталғандар саны артып жатыр, интернет тағы өшірілді, әскерилер елді мекендерге кіріп жатыр. Бұл үміт жоқ дегенді білдіреді. Генералдар, назар аударыңыздар: сіздер жауап бересіздер”, – деді Мьянмадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Адам құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашысы Томас Эндрюс.

Еске салайық, Мьянмада 1 ақпанда әскери күштер билікті басып алып, президент Вин Мьин мен Нобель сыйлығының лауреаты, мемлекеттік кеңесші Аун Сан Су Чжи ұсталды. Елде төтенше жағдай жарияланды.

Комментарий