Жаңалықтар | Новости

Елімізде тағы қанша адамнан пневмония анықталды?

Елімізде тағы 19 адамнан коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония анықталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

“13 ақпанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 19 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 205 адам емделіп шықты”, – делінген хабарламада.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар саны 48 694-ке жетті, 600 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандар саны 39 274-ке жетті.

Комментарий