Жаңалықтар | Новости

“Қызым ұрады, қабырғамды сындырды”: Тараз тұрғыны туған қызынан зәбір көріп жүр

Құрсағын жарып шыққан қызының қорлығын анасы кешіре ала ма? Өз қызынн жәбір көрген ана арнайы “Кел, татуласайық” бадрламасына келіп, араша сұрап отыр, деп жазады stan.kz.

Анасы мен қызы талай мәрте ақшаға, басқа таласып қалған екен. туған қызы қартайған шағын анасын өз үйінен қуып жібергені рас па?

“Мен күйеуіммен 2010 жылы ажырастым. Үлкен үйімізді сатып, ақшасын теңдей бөліп алдық. Ол өз жолымен кетті. Мен өз жолыммен кеттім. Үлкен қызым астанада тұратын еді. Соған хабарласып айттым. Мен мына ақшаны не істеймін? Үй алуға жетпейді дедім. Ол күйеуі, бала-шағасымен келіп, бізді алып кетті. Бізбен тұрасың. Ақшаны маған бер. Жер алып, үй салып берем деді. Ақшаны санап бердім. Мені бала-бақшаға аспаз қылып жұмысқа кіргізді. Балам екеуміз пәтерде тұрдық. Балам оған ақшаны неге бересің деп күнде арақ ішетін болды. Сосын бір күні қызымнан сұрадым. Ақша қайда? Үй қайда? Не істейміз деп. Сөйтсем, қызым сенен ешқандай ақша алған жоқпын деді. Берген уәдесінен айнып шықты. Үйіне барып едім, ұратын болды. Ұрып қабырғамды сындырды. Ауруханада талай рет емделдім”, – деді ашынған ана.

Қызынан зәбір көрген әйел көпшіліктен көмек сұрайды. Берген ақшасын қайтаруды талап етеді. Әжей дәрігердің қарауында болған. Қолында қабырғасының сынғаны туралы рентген қағаздары бар.

Ана мен қызының арасындағы жанжал неден басталды? Қызының анасын ұрғаны рас па? Қызы анасын не себепті алдап кетті? Бұл туралы алдағы уақытта белгілі болады.

Комментарий