Жаңалықтар | Новости

Өскеменде мас күйде рөлге отырып жол апатына түскен ер адам қамауға алынды

Өскеменде жүргізуші куәлігінен айырылса да мас күйде рөлге отырған ер адам жол апатына түсті.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қаңтар айының соңында 36 жастағы қала тұрғыны 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылса да ішімдік ішіп алып «Hyundai Solaris» көлігін тізгіндеген. Сәтпаев даңғылы мен Байбатчин көшесінің қиылысында ол рөлге ие бола алмай қалып Nissan Cefiro» автокөлігімен соқтығысты.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. «Hyundai Solaris» көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Қазіргі уақытта бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ
Шығыс Қазақстан облысы

Комментарий