Жаңалықтар | Новости

Алматыда қашан күн жылиды?

“Қазгидромет” синоптиктері Алматыда қашан ауа температурасы жоғарылайтынын айтты. Бірнеше уақыт жылы күндерден кейін, кеше, 10 ақпанға қараған түні қалада жауын-шашын болған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, 11 және 12 ақпанда Алматыда жаңбыр, қар жауады.

Ал 13 ақпанда +6…+8 градусқа дейін күн жылынады деп болжанды.

“Бірақ Алматыда үш тәулік бойы тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Демалыс күндерінен кейін 15 ақпаннан бастап ауа райы жылы болады”, – деді “Қазгидромет” синоптигі Дәулет Қисебаев.

10 ақпанда таңертең Алматы әкімдігінің өкілдері қалада 10-15 сантиметр қар жауғанын хабарлаған болатын. Таулы аудандарда 20 сантиметрге дейін түсті.

Комментарий