Жаңалықтар | Новости

Дәрігерлер миына қалам кіріп кеткен адамды құтқарды

Ресейлік дәрігерлер миына шарикті қалам кіріп кеткен адамды құтқарып қалды. 37 жастағы ер адамның көзінен бас сүйек қуысына, алдынан артына дейін миына кіріп кеткен қалам шығарылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Науқас түнде қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген.

«Шарикті қалам мидағы маңызды тамырлар мен бағананы зақымдамай, 1 миллиметр жетпей жанап өткен. Бұл таңғажайып жағдай. Отаны мүмкіндігінше мұқият жүргізу үшін дәрігерлер шеберлігі қажет болды», — делінген аурухананың Instagram-парақшасында.

Операциядан кейін науқас тағы да КТ бақылаудан өтіп, реанимацияға ауыстырылды.

Айта кетейік, 2020 жылы қаңтарда Алматы қаласы Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының дәрігерлері «құйымшақ аймағының тератомасы» диагнозымен жаңа туған нәрестеден үлкен ісікті алып тастаған еді.

Комментарий