Жаңалықтар | Новости

9 жыл өтті асқар тауым құлағалы. 9 жыл өтті анам іздеп жылағалы – Тұрсынбек Қабатов

Тұрсынбек Қабатов 9 жыл бұрын өмірден өткен марқұм әкесін еске алды. Әзілкеш желіде әкесіне арнап мұңды жазба жариялады, деп жазады stan.kz.

“9 жыл өтті асқар тауым құлағалы. 9 жыл өтті анам іздеп жылағалы. Әр күніміз сағынышпен өткенімен, Жүрегіміз әке деп соғады әлі. Бүгін әкем тірі болғанда 67 жасқа толар еді. Әттеген-ай десейші. Жадыраған жүзін көрмегелі де 9 жыл болып қалыпты. Жаныңыз Жәннатта болғай. Суретте әкем Аманғали анам Талиға және 6 айлық Әдемі Тұрсынбекқызы”, – деп жазды Тұрсынбек Қабатов.

Әзілкеш желідегі парақшасында ата-анасы мен тұңғыш қызының суретін жариялады.

 

Желі қолданушылары қайырлы болсын айтып, ақ тілегін арнады.

“Жаны жәнатта болсын, ұрпағы бақытты болсын”, “Әкеңізге ұқсайды екенсіз”, “Немересін көріп кеткен екен ғой”, “Ананың аман болсын, шөбере-шөпшек сүйсін”, “Әкеңіз көрмеген қызықты анаңыз көрсін”, – деп жазды желідегілер.

Комментарий