Жаңалықтар | Новости

Қасым-Жомарт Тоқаев ақын Мұқағали Мақатаевтың мерейтойын еске салды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығын еске салды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент бұл әр қазақтың шаңырағындағы мерейлі той екенін жазды.

“Бүгін – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл. Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі. Оның сырлы сезімге толы жырлары қалың оқырманның жүрегінен орын алды.

Ақын мерейтойы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл – әр қазақтың шаңырағындағы мерейлі той”, – деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.

Комментарий