Жаңалықтар | Новости

Байден АҚШ-та өлім жазасын алып тастайды — БАҚ

АҚШ президенті Джо Байденнің өлім жазасын федералды деңгейде жоюға ниеті бар. Бұл туралы бірнеше БАҚ жазды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Star-ға сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Байден АҚШ Әділет министрлігіне жаңа жазаларды жоспарлауды тоқтатуды тапсырған. Джо Байден өлім жазасына ашық түрде қарсы шыққан АҚШ-тың алғашқы президенті екені айтылған.

Алайда Ақ үйдің баспасөз хатшысы Дженнифер Псаки Байденнің өлім жазасына қатысты жоспары туралы сұрақтарға жауап берген жоқ.

Байден өзінің сайлау науқаны кезінде федералды деңгейде өлім жазасын жоюға уәде берген. Ол «федералды деңгейде өлім жазасын алып тастау туралы заң қабылдауға және штаттарды федералды үкіметтің үлгісімен жүруге шақыруға» уәде етті.

2021 жылдың басында АҚШ-та әйелге 1953 жылдан бергі алғашқы өлім жазасы орындалды. 52 жастағы Лиза Монтгомериге Индиана штатындағы Терре-Хот түрмесінде өлім инъекциясы салынды.

Комментарий