Жаңалықтар | НовостиҚұқық | Право

Кәсіпкерлермен кездесу — колонияларда жұмыспен қамтуды арттырады

Бүгін  Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/14  мекемесінің жоспарлы  іс-шарасына сәйкес, осы калонияда Қапшағай қаласының кәсіпкерлер палатасы, Қапшағай қаласының және Заречный ауылдық округ әкімдіктері, 3660 әскери бөлімі өкілдерінің, шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өттіі. Басты  мақсаты — жаңа жұмыс орындарын ашу және сотталғандардың жұмыспен қамтылуын арттыру, сондай-ақ сотталғандарға моральдық-психологиялық қолдау көрсету бойынша кәсіпкерлердің кәсіптерін кеңейту болды.

Нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекет өндірістік қызметті ұйымдастыру үшін пайдаланылмаған мемлекеттік меншік нысандарын  сенімгерлік басқаруға алу құқығы берілді. Колониялар мен бизнес өкілдері арасында тығыз қарым-қатынас орнатылып, заңнама шеңберінде  ынтымақпен жұмыс жүргізу мүмкіндігі туды.Нақтылай түссек, мекеме әкімшілігі кәсіпкерлік қызмет үшін барлық жағдайды жасап, мекеме аумағында жалға беруге дайын өндірістік аймақтар көрсетілді. Мекеме әкімшілігі ШОБ кәсіпкерлеріне өндіріс аумақтарын  жалға алу үшін құжаттарының рәсімделуі бойынша шарттарын түсіндірді.

 

Алматы облысы бойынша ҚАЖД.

Комментарий