Қоғам | Общество

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында жауынгерлік дайындықтың маңызды кезеңі басталды

Взводтарды үйлестіру барысында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының оқу полигондарында 100-ге жуық жауынгерлік атыстар өткізіледі.

Әскерлерді оқыту кезектілігіне сәйкес «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде бөлімшелер мен эпипаждардың дайындығынан соң взводтарды даярлау басталды. Жауынгерлік дайындықтың бұл кезеңіне ерекше назар аударылады, өйткені әскери бөлімшенің бұл құрамы бөлек учаскелер мен бағыттар бойынша дербес тапсырмаларды орындай алады.
Өңірлік қолбасшылықта оған 100-ге жуық взвод қатысады. Жаттығулар мен жауынгерлік атыстар күндізгі және түнгі уақыттарда «Қарабатан», «Оймаша», «Есет батыр» және «Бекет Ата» полигондарында өтетін болады.
Мотоатқыш, танк, артиллерия, барлау взводтарын, сондай-ақ теңіз жаяу әскері взводтарын даярлау нұсқаушы-әдістемелік сабақтардан басталады, оның барысында жеке құрамның білімі тексеріліп, оқу сұрақтары талқыланады, тапсырмаларды орындау кезіндегі кемшіліктер көрсетіледі. Сабақтың нәтижелері бойынша талдау жасалып, командирлер әдістемелік ұсыныстарын береді.
Алғашқы нұсқаушы-әдістемелік сабақтардың бірін капитан Ринат Мақаштың басқаруымен арнайы барлау ротасы өткізді. Ол шабылды ұйымдастыру және өткізу тақырыбын толықтай сараптап, барлау тобының осы күрделі жаттығуды орындау тәртібін көрсетті.
«Жауынгерлік атысты жүргізу кезінде басты назар тактикалық іс-қимылдарға, қаруды шебер және тиімді қолдануға, жеке құрамның өзара әрекеттесуіне, сондай-ақ бөлімшелердің атысын басқару мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға аударылады. Барлаушылар рейд жасау, торуылдау, диверсиялар мен жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізуге жеткілікті дағдыларды алды және енді бқл тапсырмаларды өз бетінше жүзеге асыруға дайындалады », – деді Ринат Мақаш.
Взводтардың жауынгерлік атуының тақырыбы жауынгерлік дайындық бағдарламасымен анықталады. Атыстар барысында взвод бақылау-өткізу бекетінде, қорғаныста, шабуылда болғанда, сондай-ақ өз әрекеттерін қарсыласпен қашық жерде және тікелей қақтығыс жағдайында жүргізген кездегі жағдайлар пысықталады. Артиллериялық бөлімшелер қозғалмайтын нысандарды тікелей атыспен жояды, ал қамтамасыз ету взводтары арнайы-тактикалық мышықтылығын пысықтайды.
Жауынгерлік атыстарды сапалы жүргізу үшін полигондарда жердегі және әуе нысаналарды, қарудың барлық түрлерінен атуға болатындай жағдай жасалады. Атыстар жекелеген нысандар бойынша, сонымен қоса, жаяу әскердің жауынгерлік машиналарының саңылаулары арқылы, жаяу әскер машиналарына орнатылған пулеметтерден, түнде және түнгі көрініс құралдарын қолдану арқылы жүргізіледі.
Жауынгерлік атыс – бұл құраманың (кіші топтардың) жауынгерлік үйлестірудің және атыс дайындығының соңғы кезеңі болып табылатын тактикалық дайындықтың ең жоғары формасы.

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі
капитан Рустем Игисинов

Комментарий