Жаңалықтар | Новости

Шымкенттік шенеунік Қазақстан азаматтығынан айырылды

Шымкент қаласының спорт басқармасының басшысы Олег Почиваловтың қос азаматтығы бар болып шықты. Бұл деректі Шымкент полициясы растады, алайда бұған дейін қала әкімдігі ақпаратты жоққа шығарған болатын. Сол үшін шенеунік азаматтығынан айырылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент полиция өкілдерінің мәлімдеуінше, спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов Қазақстан азаматтығынан басқа екінші азаматтық алуға тыйым салатын заңды бұзған.

Сол үшін шенеунік Қазақстан азаматтығынан айырылды.

“Шымкент қаласы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы Қазақстан Республикасының азаматы Олег Владимирович Почиваловтың қос азаматтықта барын анықтады.

Азаматтық туралы заңның 21-бабына сәйкес, көші-қон қызметі басқармасы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту дерегін тіркеді”, – деп хабарлады Шымкент қаласы ПД азаматтық және иммиграция бөлімінің басшысы Гүлжан Нысанбаева.

Еске салайық, шенеуніктің қос азаматтығы туралы ақпарат бірнеше ай бұрын Желіде пайда болған. Онда Почиваловтың Қазақстан және Ресей азаматтығы бары айтылған.

Комментарий