Жаңалықтар | Новости

Банктің «қара тізіміне» енгендер зейнетақы жинағын пайдалана ала ма?

Адамның кредиттік тарихы зейнетақы жинағын алуға кедергі бола алмайды. Бірақ ипотека рәсімдегенде қиындықтар туындауы ықтимал. Бұл туралы «Отбасы банкінің» басшысы Ләззат Ибрагимова айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Осы орайда Ибрагимова «Отбасы банкінің» тәжірибесін айтып берді. Оның сөзінше, азаматтың мерзімі өтіп кеткен қарызы болмаса, ипотеканы рәсімдеуге мүмкіндігі бар.

«Мысалы, қарызды кеше ғана өтесеңіз де, ипотекаға құжат тапсырсаңыз болады. Ең бастысы, мерзімі өтіп кеткен төлемдер болмаса жеткілікті. Басқа банктермен арадағы қарым-қатынасыңыз да есепке алынбайды. Ал нарықтық бағдарламалар бойынша екінші деңгейлі банктегі қарызды жапқаннан кейін үш ай күту қажет. Сол кезде адамның кредиттік тарихы түзелген болып саналады», – дейді Ләззат Ибрагимова.

Комментарий