Жаңалықтар | Новости

Депутаттар коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Мәжіліс депутаттары арасында Зарина Камалова, Лариса Павловец және Ғалымжан Елеуов алғашқы болып коронавирус инфекциясына қарсы екпе жасады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутаттар VII шақырылымның Мәжілісіне сайланғанға дейін коронавируспен күрес шеңберінде өз өңірінің медициналық мекемелерінде жұмыс істеген.

Депутаттар жаппай вакцинациялау ұжымдық иммунитетті тезірек қалыптастыруға және қазақстандықтардың өмірін үйреншікті арнаға қайтаруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Депутаттар вакцина салдырғаннан кейін өздерін жақсы сезінетінін атап өтті.

Комментарий