Бас тақырып | Тема дняЖаңалықтар | НовостиҚоғам | Общество

Қазақстандықтар наурыз айында қанша күн демалады

2021 жылы наурызда қазақстандықтар 12 күн демалыс, 19 күн жұмыс істейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Наурыздағы алғашқы мемлекеттік мереке — Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз). Мереке дүйсенбіге түседі. Сондықтан бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады.

Наурыз мейрамын тойлау кезінде ел тұрғындары бес күн демалады. Атап айтсақ, сенбі, 20 наурыздан бастап 24 наурызға дейін демалады. Наурызды ресми мерекелеудің үш күнінің бірі жексенбіге сәйкес келді, сондықтан демалыс сәрсенбіге ауыстырылды.

Барлығы наурыз айында қазақстандықтарды 12 демалыс және 19 жұмыс күні күтеді.

Жалпы алғанда, 2021 жылы бес күндік жұмыс аптасы бар ел тұрғындары 245 жұмыс күн жұмыс істеп, 120 күн демалады. Демалыс күндерінің көпшілігі қаңтар мен мамыр айына сәйкес келді.

Комментарий