Жаңалықтар | НовостиҚұқық | Право

Нормативтік құқықтық актілерді  ресми жариялау туралы

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» (бұдан әрі – Заң) Заңына сәйкес нормативтік құқықтық актіні ресми жариялау – Заңда көзделген жағдайларда, нормативтiк құқықтық актiнiң толық мәтінін жалпыға бірдей мәлімет үшін электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде, ресми баспасөз басылымдарында, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялау болып табылады.

Қазақстан Республикасы заңнамасы жүйесінің – азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау арқылы қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы, “Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Хабаршысы” ресми басылымдар болып табылады.

Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде де электрондық түрде жүзеге асырылады.

Құқық қолдану практикасында нормативтік құқықтық актілердің ресми жарияланымдары пайдаланылуға тиіс және ресми жарияланғаннан кейін ғана оларды бейресми жариялауға жол беріледі.

Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларын, тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулыларын және әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жүзеге асырылады.

Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларын, тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулыларын және әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау осы Заңның 37-бабында айқындалатын тәртіппен, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында да жүзеге асырылуы мүмкін.

Әділет органдары тіркеген, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларын, тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулыларын және әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін әділет органдары ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне олар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізілген кезден бастап бір күн ішінде электрондық құжат нысанында автоматты түрде жібереді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 маусымдағы №384 қаулысымен  «Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiнің ресми жариялануын бақылауды жүзеге асыру қағидалары»  бекітілген.

Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми жариялануын бақылауды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрі – Әділет министрлiгi) және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.

Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми жариялануын бақылауды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабын, “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексін, “Құқықтық актілер туралы” 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын, өзге де нормативтiкқұқықтық актiлердi және осы Қағидаларды басшылыққа алады.

Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми жариялануын бақылаудың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi:

1) орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің заңнамада белгiленген тәртiппен жарияланбаған нормативтiк құқықтық актiлерiн қолдануға жол бермеу;

2) орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiн ресми жариялау мәселелерi бойынша қолданыстағы заңнаманың бұзылуын анықтау және оларды жою жөнiнде шаралар қабылдау;

3) орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ мәслихаттарға, әкімдіктерге, тексеру комиссияларына және әкімдерге, олар нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялауды жүзеге асырған кезде әдiстемелiк көмек көрсету болып табылады.

Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу олардың күшіне енуінің және оны ресми түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.

Заңнама жаңалықтарымен, сондай-ақ барлық әділет органдарымен тіркелген НҚА-мен әрбір азамат НҚА эталондық бақылау банкінде Әділет министрлігінің интернет-ресурсы арқылы таныса аласыздар!

 

Н.Муслимова, Шымкент қаласының Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы

 

Комментарий