Бас тақырып | Тема дняЖаңалықтар | НовостиҚұқық | Право

Азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында республикада 21 жаңа сот құрылады

✅ Бұл туралы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Наиль Ахметзакиров хабарлады.
2021 жылдың шілдесінен бастап республикада Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қолданысқа енеді. Кодекс билік органдарымен дау-дамайларды қарау барысында азаматтардың құқықтарын қорғауды сапалық жаңа деңгейге шығаруға бағытталған.
✅ «Халықаралық практикада жекелеген соттарды құру моделі өзін-өзі ақтады. Сондықтан бізде дербес әкімшілік соттар құрылатын болады. Олар әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істерді қарамайды. Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекс бойынша жұмыс істеп жатқан соттардың атауы 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап өзгереді.
Қазіргі таңда Департамент әкімшілік әділет жүйесін енгізу бойынша ауқымды дайындық жұмыстарын жүргізуде. 21 жаңа әкімшілік сот құрылады, олардың 17-сі – облыс орталықтарында, қосымша 4-уі — Қасқелең, Семей, Жезқазған және Екібастұзда ашылады. Жаңа соттар қолданыстағы штаттық кесте шеңберінде құрылады», — деді Н.Ахметзакиров.
✅ Сонымен қатар, инфрақұрылымды дамыту аясында Арыс аудандық, Сәтбаев қалалық және Жамбыл облыстық соттары ғимараттарының құрылысы басталды. 100 сот ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді.

Комментарий