Жаңалықтар | НовостиҚоғам | Общество

ТАЛАП ТАЗАЛЫҚ КЕПІЛІ

Маңғыстау облыстық сотында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның көріністерін болдырмау, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдардның талаптарын түсіндіру мақсатында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында бейнеконференц байланыс арқылы семинар өткізілді.
Іс-шараға Соттар әкімшісі басшысының міндетін атқарушы А.Калпаков, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Қ.Байгебаев, бөлім басшылары, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері, аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілері қатысты. Семинарда А.Калпаков Жоғарғы Сот қызметінің басым бағыттарының бірі сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталатынын, жемқорлық әрекетіне жол бергендерге жаза қатаңдағанын, кесел бір адамға емес, бүкіл қоғамға қауіпті екенін жеткізді.
Іс-шарада «парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі» халықаралық стандарты түсіндіріліп, Әдеп кодексінің нормалары, мемлекеттік қызметшілердің моральдықәдептілік бейнесіне қойылатын талаптарды сақтау жөнінде өзекті мәліметтер назарға алынды. Семинар соңында А.Калпаков қатысушыларды ардан аттамай, қоғамның жарқын болашағы үшін жұмыла қызмет істеуге шақырды. Іс-шара соңы қатысушылар мониторинг жүргізу, мемлекеттік қызметкерлерге көрсетілетін қолдау және жалақы бойынша пікір алмасты.
Маңғыстау облыстық сотының
баспасөз қызмет

Комментарий