Жаңалықтар | НовостиҚұқық | Право

Жұма намазға заңсыз жинаған

Ақтөбеде карантин кезінде 57 жастағы ер адам жұртты жұма намазына жинаған. Жертөледе өткен діни рәсімге бас-аяғы 35-40 адам қатысқан. Бұл жөнінде облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл заңсыздықты облыстық ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері былтыр желтоқсан айында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында анықталған. 57 жастағы ер адам өз үйінің жертөлесінде 35-40 адам қатысқан “жұма намазын” өткізген. Оған ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігі (“Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы ҚР заңнамасын бұзу”) бойынша айып тағылған. Сот қаулысымен үй иесіне 62 АЕК (180.570 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Сонымен қатар облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысын бұзғаны үшін материал жиналып, заңды шешім қабылдау үшін тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушыларға иланбауға және заңсыз діни бірлестіктер жиналыстарына қатыспауға, сақ болуға шақырады. Өйткені мұның соңы өте қайғылы зардаптарға әкеп соғуы мүмкін.

Комментарий