Жаңалықтар | Новости

Алматыда карантин жеңілдетіледі

Алматыда карантиндік шаралар жеңілдетіледі. Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“28 қаңтарға дейін болған талаптар сақталады. Қаулы қабылданғанға дейін қандай режим болса, сол күйінде толығымен қайтарылады. 28 қаңтарда қабылданған қаулыны жеңілдету туралы түзетулер енгізіледі. Біз қазір құжат дайындап, түзетулер енгізіп жатырмыз және оны жақын арада жариялаймыз”, – деді Байғабылов Tengrinews.kz тілшісіне.

Еске салайық, 28 қаңтарда Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада 1 ақпаннан бастап кез келген түрдегі коронавирус жұқтырған науқастар ауруханаға жатқызылады деген шешім шығарған еді. Сонымен қатар, қалада Алматының “қызыл” аймаққа өтуіне байланысты карантиндік шараларды күшейткісі келген. Бірқатар нысанның қызметі шектелген. Сауда орталығы демалыс күндері жұмыс істемейтіні айтылған еді. Сонымен қатар театрлар мен кинотеатрлардың қызметіне тыйым салынған болатын.

Артынша Алматы “қызыл” аймақтан “сарыға” ауысқаннан кейін, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастығы Жандарбек Бекшин қаулының талаптары жеңілдетілетінін айтқан. Бүгін Алматы коронавирустың таралуы бойынша “жасыл” аймаққа енген еді.

Комментарий