Жаңалықтар | Новости

Бейбіт Шүменов әлем чемпионы атағынан айырылды

Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов (18-2, 12 КО) WBA Regular тұжырымы бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырылды, деп хабарлайды Prosports.kz

Дүниежүзілік бокс қауымдастығына (WBA) сілтеме жасап. Бұған спортшының ұзақ уақыт бойы титулын қорғамауы себеп болған. Шүменов рингке соңғы рет 2018 жылдың шілде айында шыққан. Осы жылдың 29 қаңтарында Шүменов америкалық Рафаэль Мерфимен Голливудта жекпе-жек өткізуі керек еді, бірақ белгісіз себептермен қазақстандық боксшы жекпе-жектен бас тартқан. Енді боксшының атағы бельгиялық Рияд Мерхиге беріліп отыр. Ол ауыр салмақта WBA тұрақты әлем чемпионы деп жарияланды. Рияд келесі жекпе-жегін кубалық Джуниер Дортикосқа қарсы өткізуі керек. “WBA шешімі ішкі ережелерге негізделді. Шүменов WBA-дан өзіне берілген көптеген мүмкіндіктердің кез келгеніне қатысуға өтініш білдіргенімен, отыз айдан астам уақыт бойы өз титулын қорғамады. Осы себепті ол чемпион атағынан айырылды, ал қазір Мерхи ауыр салмақта WBA әлем чемпионы”, – дейді ұйым.  Айта кетейік, бокстан ел намысын қорғап жүрген тағы бір отандасымыз Садриддин Ахмедов бірінші орта салмақтағы үш титулды жеңіп алды. Боксшы өзінің титулдық жекпе-жегін Мексиканың Куэрнавака қаласында голландиялық Стивен Даньоға (17-3-3, 6 КО) қарсы өткізді. Жекпе-жек жоспарланған 10 раундқа созылып, төрешілер шешімімен Садриддин жеңіске жетті. Осылайша ол бірден үш белбеуге (WBC Francophone, WBA Continental және NABF) ие болды.

Комментарий