Жаңалықтар | НовостиҚоғам | Общество

Алматыда карантин жеңілдетіледі

Алматыдағы карантиндік шаралар жеңілдетіледі. Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Садуақас Байғабылов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“28 қаңтарға дейін күшінде болған талаптар сақталады. Қарар қабылданғанға дейін қандай режимде болса, сол күйінде толығымен қайтарылады. Қабылданған 28 қаңтардағы қаулыны жеңілдету туралы түзетулер енгізіледі. Біз қазір құжат дайындап, түзетулер енгізіп жатырмыз және оны жақын арада жариялаймыз”, – деді Байғабылов.

Еске салайық, 28 қаңтарда Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин 1 ақпаннан бастап коронавирустың кез келген түрімен ауыратын науқастар қаладағы ауруханаға жатқызылатын болады деп шешкен болатын.

Сонымен қатар, Алматының “қызыл” аймаққа өтуіне байланысты бірқатар нысандардың қызметіне шектеу қойылған.

Бүгін Алматы коронавирустың таралуы бойынша “жасыл” аймаққа кірді.

Комментарий