Бас тақырып | Тема дняЖаңалықтар | НовостиЭкономика

Байлар байып, кедейлердің жағдайы нашарлайды: Халық зейнетақының бір бөлігін алуға қарсы шықты

Байлар байып, кедейлердің жағдайы нашарлайды: Халық зейнетақының бір бөлігін алуға қарсы шықты.

Қоғам қайраткерінің айтуынша, жаңа реформа жарияланған сайын барлық нәрсенің бағасы өсетінін айтты.

“Жалақы немесе зейнетақыны көтеру мәселесі көтерілгеннен кейін келесі күні азық-түлік бағасы қымбаттайды. Жалақымыз өскенімен, нарықтағы баға да біртіндеп көтеріліп жатыр”, – деді Букаева.

Ол БЖЗҚ-дан қаражат алуға байланысты реформа басынан бастап дұрыс болмағанын айтты. Өйткені бұл тұрғын үй бағасының өсуіне әкелетіні әу бастан-ақ белгілі болды.

“Бұл реформа байларды байытып, кедейлердің жағдайын нашарлататыны белгілі. Себебі 20 жылдан астам тәжірибесі бар бірде-бір мұғалімнің, мейірбикенің, кітапханашының зейнетақы жинағында екі миллион теңге жоқ.  Реформа тұрғын үй бағасының күрт секіруіне алып келді.Әлі бір адамға зейнетақы қорынан ақша аударылған жоқ”, – дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 23 қаңтарда сағат 09:00-де зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға өтініштер қабылдау басталды. Зейнетақы жинақтарын алуға өтініштерді қабылдаудың бірінші күні БЖЗҚ-ға 10 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Екі күн ішінде БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алғысы келетіндерге 112 миллиард теңгеге өтінімдерді мақұлдады.

Комментарий