Жаңалықтар | НовостиҚоғам | Общество

“Біз не болғанын түсінбедік”: Блогердің ұлы телефонның кесірінен көз жұмды

Ұялы телефон ваннада шомылып жатқан 12 жасар баланың үстіне құлап кеткен, смартфон зарядтау құрылғысына қосулы тұрған. Арт-блогер Анастасия Сосновская ұлының зарядталып жатқан телефоннан тоқ соғуы салдарынан көз жұмғанын хабарлады.  

Қайғылы оқиға 10 қаңтарда болды. Бала 12 жаста болған. Анасының айтуынша, олар 40 минут бойы балаға жан бітіруге тырысқан, бірақ ештеңе көмектеспеген.

“Біз не болғанын түсінбедік. Бүгін, шамамен екі аптадан кейін сот-медициналық сарапшы себебін айтты. Жуынатын бөлмеде зарядталып жатқан телефоннан тоқ соққан екен. Батареясы тез отырып қалатын кішкентай iPhone 4c бір секундқа ішіне құлап түскен. Ұлым оны еденге лақтырып үлгерген, бірақ кеш болған”, – деп жазды Сосновская Instagram-да

Арт-блогер ата-аналарды балаларға телефонды ваннаға кіргізуге рұқсат бермеуге шақырды.

“Бүгін маған ваннада телефон ұстап жатып қайтыс болған адамдардың фотосуреттерін көрсетті. Мұндай жағдай көп екен. Өйткені біз қауіп-қатерді жете бағаламаймыз. Ондайдан адам өлмейді деп ойлаушы едім. Егер білгенімде ғой …”- деп толықтырды Сосновская.

Қазақстанда 2019 жылы 14 жастағы мектеп оқушысы тоқ соғып қайтыс болды: ол телефонды қуаттау құрылғысына қосып, ұйықтап қалған. Таңертең ата-анасы оның мәйітін тапқан.

2020 жылы осыған ұқсас жағдай болды: 15 жасар қызды қуаттау құрылғысына қосылған телефонмен сөйлесіп жатқан кезде тоқ ұрды. Қыз жергілікті базардан сатып алынған арзан зарядтағышты пайдаланған.

Комментарий