Бас тақырып | Тема дняЖаңалықтар | НовостиСаясат | Политика

Тоқаев: Әрбір қазақстандық ұлттық байлықтың бір бөлігін ала алуы керек

Ақорда сарайында мемлекет басшысының төрағалығымен реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің үшінші отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың  ресми сайты.

Іс-шараның күн тәртібіне Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын, жаңа мемлекеттік жоспарлау жүйесін, 2030 жылға дейінгі мемлекеттік басқаруды дамыту тұжырымдамасын, 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендіру жоспарын әзірлеу кірді.

Премьер-министр Асқар Мамин, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова баяндама жасады.

Кеңес мүшелерінің есептері мен ескертулерін тыңдай отырып, президент күн тәртібіндегі мәселелерге кеңінен тоқталып, оларды жүзеге асырудың нақты көрінісін айтты.

Мемлекет басшысы үкіметке нысандарды іске асырудың қоғамдық мониторингінің механизмін әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар, ол IPO құралдарын барынша пайдалану қажеттілігін мәлімдеді және жекешелендіру мәселесінде осы механизмнің басымдылығын атап өтті.

«Халықтық IPO» бағдарламасы қайта жаңғыртылуы керек, акцияларды бірінші кезекте жеке адамдарға – Қазақстан азаматтарына беру керек. Біздің елдің әрбір азаматы ұлттық байлықтың бір бөлігін алуға мүмкіндігі болуы керек», – деді президент.

Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылар мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген жедел шаралар кешенін талқылады. Бұл шаралар төлем механизмін жеңілдету және микро, шағын бизнес субъектілері үшін еңбекақы төлемдеріне салық ауыртпалығын төмендету, жаңа өндірістік компаниялар, оның ішінде субсидиялау бағдарламаларында микроқаржы ұйымдары үшін ҚҚС ставкасын 70% төмендету арқылы сапалы және тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Заңнамалық бекітуден кейін бұл нормалар ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енуі керек.

Комментарий