Жаңалықтар | Новости

Өскеменде 3 көлік соқтығысты

Өскемен қаласында 18 жастағы жүргізуші қарсы жолаққа шығып кетіп 2 көлікпен соқтығысты
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 27 қаңтарда сағат 19.00 шамасында Жібек маталар комбинаты ықшамауданында болған.
«Сәтпаев даңғылы бойымен келе жатқан Toyota Ipsum автокөлігінің 18 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, қарсы жолаққа шығып кетті. Осылайша ол Toyota Camry маркалы екі көлікпен соқтығысқан», — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Жол апаты салдарынан 2 адамға медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Талғатжан МҰХАМАДИЕВ
Шығыс Қазақстан облысы

Комментарий