Жаңалықтар | Новости

Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің айлығына үстемақы тағайындалды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балабақшалар, мектептер мен колледждердегі дене шынықтыру мұғалімдерінің айлығына жаңа қосымша ақы тағайындалды.

Бұдан былай дене шынықтыру мұғалімдерінің еңбекақысына ай сайын қосымша 17 697 теңге төленеді. Өз кезегінде мұғалімдердің жұмысы қиындайды.

Енді дене шынықтыру мұғалімдері әдеттегі сабақтарынан бөлек, қосымша спорттық-сауықтыру сабақтарын, яғни секцияларды өткізеді.

Әр мұғалім қосымша секциялық сабақ жүктеледі. Оқушылар мектептегі қажетті жабдықтарының болуына байланысты түрлі спорт секцияларына қатыса алады.

Бұған дейін 2021 жылы қай категориядағы мұғалімдердің жалақысы көтерілетіні туралы жаздық.

Комментарий