Жаңалықтар | НовостиҚұқық | Право

Пробация есебіндегі мәжбүрлі еңбекке тартылған азаматтар

Қазіргі таңда Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Шиелі аудандық пробация есебінде  83 азамат есепте тұр. Бұл азаматтардың басым көпшілігі бас бостандығын шектеу жазасына сотталып, пробациялық бақылау белгіленген . Осы азаматтардың арасында сот үкімімен мәжбүрлі еңбеккке тартылғандар  бар.

Сот үкімімен К есімді азамат 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталып, пробациялық бақылау белгіленген. Сонымен қоса оған жергілікті атқарушы орган айқындайтын орында жыл сайын  100 сағат мәжбүрлі еңбекті атқару міндеті де  тағайындалған.

«Пробация есебіндегі 83 азаматтың 37-сі мәжбүрлі еңбекке тартылған. Оның ішінде 3-еуі әйел азаматша. Қазіргі таңда 3 азамат Шиелі кенті әкімшілігі айқындаған орындарда көше тазалықтарына тартылып, күнделікті төрт сағаттан аспайтын уақытпен үкім бойынша тағайындалған міндеттерін атқаруда. Ал қалған азаматтар 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекті 2021 жылы мерзімдері келген уақытта орындайтын болады»,- деді аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Қайрат Байгенжеев.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атақру жүйесі   департаменті

Комментарий