Құқық | Право

Алматы қаласы бойынша Әдеп жөніндегі кеңес отырысы

Ағымдағы жылдың 27 қаңтарында Алматы қаласының Әдеп жөніндегі кеңесінің бірінші отырысы өтті.

Кеңестің бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, Алматы қаласының цифрландыру Басқармасының қаланың жергілікті атқарушы органдарында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу жөніндегі қызметі қаралды, Алматы қаласының Әдеп жөніндегі уәкілінің 2020 жылғы жұмысы тыңдалды, қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындылары талқыланды.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Кеңестің қарауына шығарылатын талқылау тақырыбының өзектілігін ерекше атап өтті.

Отырыс негізгі мәселелер бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері мен баяндамашыларды қосу арқылы онлайн режимде өткізілді.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметін және Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысын одан әрі жақсарту жөніндегі шараларды әзірлеуге баса назар аудара отырып, нақты ұсынымдар әзірледі.

Комментарий