Жаңалықтар | НовостиҚоғам | Общество

«Арамыз жеті жыл»: Мадина Сәдуақасова жолдасы туралы айтты

Қазақ эстрадасының жұлдызы Мадина Сәдуақасова желіде жолдасы екеуінің жеті жыл бұрынғы суретін жариялап, қызықты мәліметпен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова Instagram парақшасында үйлену тойы алдында жасалған фотосессиясымен бөлісіп, барша жанкүйерлерін қуантты. Өнер иесі отбасылық мұрағаттағы суретін жариялап қана қоймай, оқырмандарына тың мәліметті айтты. Белгілі болғандай, шоу-бизнес жұлдызының жанұясында жеті саны аса ерекше орын алады екен. «7 жыл бұрынғы фото. Олжас екеуміздің жас айырмашылығымыз 7 жыл. Әнуар биыл 7 ге келеді. 7 күннен кейін үйлену тойымыздың 7 жылдығы! Қазақтың қасиетті саны барлық жағынан келіп тұр. Годовщина — ны атап өту керек — ау, той жасап? Әлде ерте ма» , — деп көпшіліктің кеңесіне жүгінді әнші.  Желі қолданушылары Мадина Сәдуақасованың барынша ашылып, өзінің жан сырымен бөлісе бастағанына тәнті болған. Олар ерлі-зайыптылардың жеті жыл бұрынғы суретін лүпілдетіп, оның астына сансыз пікірлер қалдыруда. «Өте жарасымды жұп. Сіздердің арақатынастарыңыз үшін бәріміз алаңдап кеттік. Жұптарыңыз жазылмасын» , «Бақытты болыңыздар. Той жасау керек секілді» , «Өкпе-реніш өткен жылмен бірге кетсін. Жұздеріңізден күлкі кетпесін. Бір-біріңізге тіреу болыңыздар» , «Түк өзгермегенсіздер. Сол қалпы жассыздар ғой» , «Тіпті араларыңыз жеті жас екені байқалмайды екен» , — деп жазуда көпшілік.

Комментарий