Жаңалықтар | Новости

Қазақстандық трансгендер: Жынысымды ауыстырған жоқпын. Аллаға шүкір, мұсылманмын

Айя есімді трансгендер көпшілік алдына шығып, ашық сұхбат берді. 15 жасында зорлыққа түскен ол өзінің көзқарасының өзгеруіне дәл осы жағдай себеп болған деп санайды. Жынысын ауыстырмағанымен, өзін қызбын деп таныстырды.

Бұл туралы «Бүгін» бағдарламасында айтылды,  деп жазады stan.kz.

Айя оңтүстік өңірдің тумасы. 15 жасынан бастап көзқарасы өзгеріп, жігіттерді жақсы көре бастаған. Алайда жынысын ауыстырмаған. Өзін иманды адам және мұсылманмын деп санайды.

«Мен 15 жасыма дейін жігіттерді жақсы көріп немесе өзімді қыз сезінген емеспін. 15 жасымда Шымкентте жалғыз тұрдым. Сол кезде нағашыларым келді. Сол күні мені зорлады. Олар мені қорқытып-үркітіп, біреуге айтпа деді. Мен ешкімге айтқан жоқпын. Бірақ сол кезден бастап өзімді басқаша сезіне бастадым. Маған қыздар ұнамайтын болды. Даусым да, бәрі өзгере бастады. Дәрі ішіп, кеудемді өсірдім. Бірақ жынысымды ауыстырған жоқпын. Болашақта ауыстырамын деп ойлаймын. Аллаға шүкір, мұсылманмын. Жүрегімде иман бар», — деді ол.

Комментарий