Жаңалықтар | НовостиҚұқық | Право

Дәрігер төсек-орынды босату үшін науқастарды өлтірді деген күдікке ілінді

Тергеу барысында дәрігердің коронавирусқа шалдыққан науқастарға тыныс алуды қиындататын дәрі еккені анықталды. Италияда Монтикьяри қаласының дәрігері Карло Моска төсек-орынды босату үшін коронавирус жұқтырған науқастарды өлтірді деген күдікке ілінді.

Тергеу мәліметінше, дәрігер науқастарға тыныс алуды қиындататын дәрі еккен, деп жазды РИА Новости. Салдарынан екі науқас қайтыс болған.   

Бір жағдайда сойып тексеруден кейін науқастың тіндері мен органдарынан дозасын көбейткен жағдайда адамды өлтіріп жіберетін дәрі табылды, деп хабарлады Brescia Today.

La Repubblica басылымы Италияда коронавирус өршіп тұрған кезде Моска COVID-19 індетіне қарсы күрестің алдыңғы шебінде болғанын жазады. Дәрігердің өзі “әр ауысымда қолдан келгенше көп адамның өмірін сақтау үшін күрестік” деп отыр.

Дәрігердің науқастарды не себепті өлтіруі мүмкін екені әзірге белгісіз. Іс құжаттарына медбикелердің жазысқан хаттары тіркелді, олар дәрігерден ауруханадағы төсек-орынды босату үшін науқастарды өлтірді деп күдіктенген. Сонымен қатар олар оны өз араларында есалаң деп атаған.

Қазіргі уақытта Моска үй қамақта отыр.

Комментарий