Жаңалықтар | Новости

Алматыдағы жағдай күрт нашарлады – Бекшин

Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин аймақтағы эпидемиологиялық жағдай соңғы 4 күнде күрт нашарлағанын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Алматы қаласының коронавирус індеті бойынша эпидемиологиялық жағдайы соңғы 4 күнде күрт нашарлады. Күніне 125-140 жағдайға дейін тіркеліп жатыр. Бұл Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасының “қызыл” аймағына өткенін білдіреді. 25 қаңтардан бастап біз “сары” аймақтан “қызыл” аймаққа өттік. Қазір осыған байланысты арнайы іс-шараларды әзірлеуге даярмыз”, – деді Жандарбек Бекшин ӨКҚ онлайн-брифингте.

Айта кетейік, қазір елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 181 117-ге жетті. Алматы қаласында пандемия басынан бері 21547 жағдай тіркелді.

Комментарий