Жаңалықтар | Новости

Ақтөбеде есепте тұрған сотталғандар хоккейден жолдастық кездесу ойынына қатысты

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Темір аудандық пробация қызметі пробация есебінде тұрған сотталған азаматтарды Алтықарасу ауылдық округінде өткен хоккей ойынына қатыстырды.

Темір аудандық жастар саясаты және дін істері орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған жолдастық кездесуге ауыл жастары мен Шұбарқұдық спорт мектебінің қызметкерлері де қатысты.

«Аталған спорттық іс- шара Пробация қызметінің Темір аудандық жастар саясаты және дін істері орталығымен 2021 жылға бірлесіп атқаратын жұмыс жоспары аясында, сонымен қатар «Алтықарасу хоккей кортының» ашылуына орай ұйымдастырылды.
3 команда қатысқан хоккейден жолдастық кездесу ойыны «Спорт —денсаулық кепілі» тақырыбына арналды. Жолдастық ойынға қатысуда белсенділік танытып, шебер ойынымен ерекшеленген есепте тұрған азаматтар мен ауданның ерікті жастары аудан әкімінің орынбасарының және Хоккей спорт мектебі директорының қолынан мақтау қағаздармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Жалпы, мұндай іс- шаралардың есепте тұрған азаматтардың қоғамға тез бейімделуі үшін маңызы зор,- дейді Темір аудандық пробация қызметі бөлімшесінің бастығы әділет майоры Ренат Жұмабаев.

Комментарий