Жаңалықтар | Новости

Алматылықтар 42 мемқызметті бір жерден ала алады

Алматыдағы Достық даңғылында Әлеуметтік қызметтер үйі ашылады. Бұл жерде алматылықтар “бір терезе” қағидасы бойынша 42 мемлекеттік және 7 мемлекеттік емес қызмет түрін ала алады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік қызметтер үйінің бірінші қабатында әлеуметтік әл-ауқат, тұрғын үй саясаты басқармасы, халықты жұмыспен қамту орталығы, азаматтарға арналған мемлекеттік корпорация, көші-қон полициясы, БЖЗҚ, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, медициналық-әлеуметтік сараптама мамандарының қызмет көрсету аймағы орналасқан.

Жоғары қабаттарында салалық басқармалар орналасады.

Орталықтың ашылу күні әлі нақтыланбады. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, әзірше ғимарат қалпына келтіру сатысында.

Комментарий