Жаңалықтар | Новости

Департамент мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндіру тақырыбында онлайн семинар өткізді

Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметкерлеріне онлайн семинар өткізді.

Семинар барысында Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы В.С. Мурзагельдинова Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 485 кейбір саяси лауазымдар үшін біліктілік талаптары туралы және мемлекеттік қызметшілерді ротациялау және конкурс өткізілместен ауыстыру тәртібімен тағайындау қағидалары туралы 2020 жылғы 13 қарашадағы №447 Жарлықтарын түсіндірді.

Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Г.Бейсембинова мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыруды қамтитын, оқытуды ұйымдастыру,  сынақ мерзімін тағайындау және тәлімгерлерді бекіту мәселелерін қарады, сондай-ақ осы бағыттар бойынша ағымдағы жылы одан әрі тиімді жұмыс істеу қажеттілігі туралы айтты.

Комментарий