Жаңалықтар | Новости

Президент Қазақстандағы байланыс пен интернет сапасын сынға алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы байланыс пен интернет сапасын сынға алды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Тағы бір мәселе – интернет жылдамдығының төмендігі. Байланыс операторлары тарапынан тарифтік жоспарлар үнемі жаңартылып отырады. Ал интернет жылдамдығы мен сапасы ресми мәлімдемеден нашар.

Үкіметке осы салада тұтынушылардың құқықтарын қорғау және нақтылы параметрлердің мәлімделгендерден айтарлықтай алшақтығы үшін жауапкершілікті енгізу мәселесін пысықтауды тапсырамын”, – деді Президент.

Комментарий