Бас тақырып | Тема дняЖаңалықтар | НовостиҚұқық | Право

КӘСІПОРЫНДЫ ТАРАТУ ҮШІН НЕ ҚАЖЕТ?

ЖШС, қоғамдық қор немесе жеке кәсіпкерлікті тіркеуден алу үшін әр кезеңге арнайы бекітілген құжаттарды дайындау бойынша заңнама нормаларын сақтау талап етіледі. Мемлекеттік тіркеуден алу қатысушылардың бастамасымен (ерікті) және сот шешімі бойынша (мәжбүрлі) жүргізіледі.
Егер ЖШС бизнес сәйкестік нөмірін (БСН) уақытылы алмаған және Қаржы министрлігінің аймақтық мемлекеттік кірістер басқармасына салық төлеуші ретінде тіркелмеген жағдайда ұйым мәжбүрлі түрде таратылады. Сондай-ақ сот шешімі бойынша банкрот деп танылған ұйымдар да мәжбүрлі түрде таратылуға жатады. Кәсіпорынды тарату үшін мыналар қажет:
1. Меншік иесі (ұйымның құрылтайшыларының жиналысы) компанияны тарату туралы шешім қабылдау.
2. Тарату комиссиясын құру.
3. Қызметкерлерге бір айдан кем емес мерзім ішінде жұмыстан босатылатыны туралы алдын ала ескерту (Еңбек кодексінің 52-бабы).
4. Әділет министрлігіне жазбаша түрде немесе ЭЦҚ пайдалана отырып электронды сервистер арқылы ескерту (Азаматтық кодексінің 50-бабының 1-тармағы).
5. Салық кодексінің 50-бабының 1-тармағына сәйкес, ҚМ МКБ шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ескерту.
6. Жұмыспен қамту орталығына екі айдан кем емес мерзім ішінде жұмыссыздар саны артатыны туралы алдын ала ескерту.
7. Компанияның таратылатыны туралы несиегерлер тарапынан талап-шағымдардың қабылданатын мерзімін көрсетіп (Азаматтық кодекстің 50-бабының 3-тармағы), республикалық «Заң газеті» және «Юридическая газета» басылымдарына хабарландыру беру арқылы жария түрде ескерту. «Заң газеті» және «Юридическая газета» басылымдарына хабарландыру беру үшін:
1. Хабарландыру мәтінінің электрондық нұсқасын (флешкада) Алматы қаласы, Х.Досмұхамедов көшесі, 68Б үйде (Қарасай батыр көшесінің бұрышында) орналасқан «Заң газеті» және «Юридическая газета» басылымдарының редакцияларына әкелу керек.
2. Құрылтайшылық құжаттарының көшірмелері болуы қажет.
3. Хабарландыру көлеміне байланысты тиісті ақыны кассаға төлеу керек.
4. Хабарландыруды zanreklama.kz сайтына электронды нұсқадағы хабарландыру мәтінін және барлық қажетті құжаттарды жіберу арқылы беруге де болады. ЖШС-нің таратылуын тіркеу үшін ХҚКО-ға өтініш және басқа да құжаттармен бірге хабарландыру жарияланған газеттің бір данасы қоса тапсырылады. ХҚКО-ға өтініш ЖШС-нің таратылуы туралы хабарландыру газетке жарияланғаннан кейін екі ай мерзімнен кейін беріледі. Хабарландыру беру үшін жарнама бөліміне жолығу қажет.

Байланыс телефондары/факс:
(+7) 727 292 29 27 , 292 40 89, 8 708 929 98 74.
РЕДАКЦИЯ

Комментарий