Елең еткізер | АктуальноЖаңалықтар | Новости

Алматыда дәрігерлер мен мұғалімдерді вакцинациялау қалай жүзеге асады?

Алматыда №4 қалалық емхананың дәрігерлері коронавирусқа қарсы вакцинацияның алғашқы кезеңі туралы айтып берді. Дәрігерлер мен мұғалімдерге ресейлік “Спутник-V” вакцинасы үш кезең бойынша салынады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір емханада 460 қызметкер жұмыс істейді. Олардың 270-іне ресейлік “Спутник-V” препаратын салу жоспарланған. Ол туралы бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Зарина Алтынбекова мәлімдеді.

​”Бірінші кезеңде, 1 ақпаннан бастап “Спутник-V” вакцинасын жұқпалы аурулар ауруханаларының, жедел медициналық жәрдем, реанимация бөлімдері, қабылдау бөлімдері, санэпидқызмет медицина қызметкерлері қабылдайды.

Екінші кезеңде, 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектеп, жоғары оқу орындары, ОАОО педагогтары, медицина қызметкерлері вакцина қабылдайды.

Үшінші кезеңде, 1 сәуірде бастап мектеп-интернат, мектепке дейінгі балаларды оқыту мекеме педагогтары, студенттер мен созылмалы аурулары бар адамдар вакцина қабылдай алады”, – деді Алтынбекова.

Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі QazCovid-IN коронавирусына қарсы қазақстандық вакцинаны қабылдаған еріктілерде жанама әсер пайда болғаны туралы хабарлады. Ведомство мәліметінше, еріктілерде жағымсыз реакциялар пайда болған. Бірақ әсері жылдам тарап кеткен.

QazCovid-IN вакцинасын қабылдаған еріктілерге салықты шегергенде 200 000 теңге мөлшерінде сыйақы және денсаулыққа зиян келтірген жағдайда денсаулығын сақтандыруға міндеттелген. Қазақстандық QazCovid-IN вакцинасын сынақтан өткізу кезінде ерікті қайтыс болған жағдайда 500 000 теңге мөлшерінде сақтандыру төлемі беріледі.

Комментарий