Жаңалықтар | НовостиҚоғам | Общество

Автобус жүргізушісі есірткі қабылдап рульге отырған – Семей

Семей қаласының полиция қызметкерлері есірткі қабылдап рульге отырған автобус жүргізушісін анықтады.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Автобус» жедел алдын алу шарасы барысында 300-ге жуық заңбұзушылық тіркелді. Оның ішінде жолаушыларды және жүктерді тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 7 жүргізуші, көлік тізгіндеп отырып телефон пайдаланған 47, жылдамдықты асырғаны үшін 14 және маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 46 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«20 қаңтар күні Семей қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері есірткі қабылдап рульге отырған автобус жүргізушісін ұстады. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен хаттама толтырылды», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, өңірде «Автобус» жедел алдын алу шарасы 20-22 қаңтары аралығында жүргізілуде.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ
Шығыс Қазақстан облысы

Комментарий