“Отбасы банк” баспасөз қызметіндегілер npf-otbasy.kz онлайн-платформасындағы өтініштің жойылу себебін түсіндірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
“Достар, егер enpf-otbasy.kz онлайн-платформасындағы сіздердің өтінімдеріңіз жойылса немесе жүйе соманы дөңгелектеуіңізді сұраса, онда бұл бірнеше себептерге байланысты болуы мүмкін:
- Егер қажет сома “0” деп көрсетілсе, онда сіздің өтініміңіз жойылады;
- Егер қаражат сомасы қосымша белгілермен көрсетілсе. Мысалы, “1.000.000” немесе “1000000,00” түріндегі сомаларды жүйе қабылдамай, дөңгелектуді сұрайды. Яғни соманы қосымша белгілерсіз “1000000” немесе “1234567” түрінде көрсету керек;
- Егер сіз бәрін дұрыс енгізген болсаңыз, жүйені жаңарту немесе қайта кіру керек”, – деп жазылған
банктің Instagram желісіндегі парақшасында.
Онлайн платформада жұмыс жасау үшін сізге қолданыстағы ЭЦҚ және nclayer сертификаты қажет. Сертификаттарды Pki.gov.kz сайтынан жүктеп алуға болады.
Зейнетақы жинақтарын алу бойынша барлық іс-шаралар тек компьютерден немесе ноутбуктен тәулік бойы қолжетімді болады.
Комментарий