Жаңалықтар | Новости

ШҚО-да қайтадан блокбекеттер қойылды

Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері аймақта шектеу шараларын 2021 жылдың 25 қаңтарынан 7 ақпанына дейін ұзарту туралы жаңа қаулы шығарды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес, облыста санитарлық блокбекет қайта орнатылды. Екі блокпост Павлодар облысы тарапынан Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларында орнатылды. ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін 4 санитарлық бекет – “Ауыл”, “Уба”, “Бақты”, “Майқапшағай” өткізу пункттеріне (Шемонаиха, Бородулиха, Үржар, Зайсан аудандары – 1 бекеттен) қойылды.

Жұқпалы ауруы бар немесе ауыруы мүмкін адамдар, оның ішінде COVID-19 (тыныс алуда қиындық (жөтел, дене қызуы, ентігу) анықталған кезде 103 телефоны бойынша жедел жәрдем шақыру қажет делінген қаулыда.

Комментарий