Құқық | Право

Мамандығын мақтан тұтқан жан!

Машимбаев Даурен Нурланович 26.09.1988 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы, Кеген ауылында дүниеге келген. Ісімен үлкен абырой-беделге ие болып жүрген тәжірбиелі маман қылымыстық-атқару жүйесінде үздіксіз ұзақ жылдар бойы қызмет атқаруда.Ол өзінің тағдыр жолын қиын да қауіпті қылымыстық атқару жүйесінде қызмет етуге арнаған.Бала кезінен құқық қорғау қызметкері болуды армандап,өсе келе ол мақсатына жету жолында талмай қызмет атқарды. Даурен Нурланұлы құқық қорғау қызметкерінің физикалық тұрғыдан да барлық жағынан жан жақты болуға бала кезінен дайындалған. Еңбек жолын 2006-2008ж ҚАЖК Павлодар колледжінің курсанты, 2012 жылы Алматы қаласының үздіксіз білім беретін университетінің заңгер мамандығына ие болды. Еңбек жолын өз таңдауымен қылмыстық атқару жүйесінен бастаған қызметіне үлкен жауапкершілікпен атқара білді. 2008-2011ж. Алматы қаласы Алматы облысы бойынша ЛА-155/14 мекесінде Тәрбие бөлімде жасақ бастығы маман болып қызмет атқарды. 2011-2015ж.аралығында ЛА-155/4 мекемесінде жедел уәкіл қыметін атқарып, кейін аға жедел уәкілге дейін лауазымы жоғарлады. Кейінен 2015-2017ж. ЛА-155/4 мекемесінде Тәрбие бөлімінің бастығы, 2017-2019ж. ЛА-155/18 мекемесінің Тергеу Изоляторының бастықтың тәрбие жөнінде орынбасары, лауазымында қызмет атқарды.

2019-2021ж.Алматы қаласының ЛА-155/6 мекемесінің сотталғандар еңбегін ұйымдастыру тобы және жалпы сұрақтар бойынша бастықтың орынбасары, лауазымында қызмет атқаруда.

Аталмыш мекемеде жұмыс істеу барысында, білімділігі мен біліктілігін көрсете білді. Өз бөліміндегі жұмыстардың сапалы орындалуына ерекше көңіл бөледі. Бүкіл ұжым алдында жас та болса, 14-жылдан жоғары еңбек тәжірбиесі бар, жауапкершілігі мол беделді қызметкер. Бос уақытында спортпен айналысып,өзін жан-жақты дамытады. Осы жұмыс істеу барысында, ҚАЖ департаментінен алған мараппатаулары өте көп. Отбасының тірегі, аяулы жар, үш қызына қамқор әке.

Сонымен қатар ЛА-155/6 мекемесінде жалпы сұрақтар мен сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бойынша мекемеде бірқатар жұмыстар атқарылды. Мекемеде 3-4 жыл ішінде көптеген өзгерістер жасалды. Сотталғандарды еңбекке баулу, заманға сай бейімделу, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында бұрын наубайхана, кондитерлік цех жұмыс жасаған қазіргі уақытта, тігін фирмасы жұмыс жасайды. Онда кәмелетке толмаған сотталғандар жұмыс жасап жалақыларын алып жатыр. Әр сотталған топ бойынша осы аталған орындарды кәсіп үйреніп, жұмыс істеп тиісті куәліктерін де алады. жатқан тәрбие көздері мектеп, компьютерлік курс,№2 кәсіптік білім беру мектебі, жұмыс істейді.

Сотталғандардың уақытқа сәйкес ,мекемедегі жұмыс істеп жатқан орындары толық қамтамасыз етіліп, үнемі бақылауда.

Мекемеде, сотталғандарды жұмыспен қамту және өндіріс көзін ашу тақырыбында кездесулер жоспарда бар, бірақ еледгі карантин жағдайына байланысты, біраз жұмыстар, уақытша тоқтатылуда. Болашақта да жаңа заман талабына сай бірқатар жұмыс көзін ашу,жоспарланып отыр дейді Дәурен Нұрланұлы. Әрине, бұл ашылып отырған жұмыс орындарымен курстардың жұмыс істеуі мақтан етерлік іс. Мамандықтар бойынша мемлекеттік үлгіде куәліктер беру, арқылы жұмыспен қамту, белгілі кәсіпке үйрету сотталғандардың болашақ өміріне септігін тигізері анық. Жаста болса өз мамандығын шебер меңгерген Дәурен Нұрланұлы мекемедегі жастарға үлгі.

 

ЛА-155/6 мекемесі

Е. Жеңісхан

Комментарий