Жаңалықтар | Новости

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын неге жұмсағысы келеді?

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға өтінімдер қабылдау басталды. Бірінші күннің соңында қазақстандықтардың зейнетақысын неге жұмсағысы келетіні белгілі болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алдын ала мәліметті “Отбасы банк” басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов берді.

Оның айтуынша, зейнетақы жинақтарын алу үшін арнайы шот ашу қажет. Мұндай шотты 65 000-нан аса адам ашқан. Осы уақытқа дейін 10 мыңнан аса қазақстандық жинағын пайдалануға шешім қабылдап, өтінім берген. Оның ішінде:

50 пайызы – банктегі несиесін жапқысы келеді;
17 пайызы – несиесіз баспана сатып алғысы келеді;
15 пайызы – жинақтарын туыстарына беруге ниетті;
10 пайызы – “Отбасы банкінен” несие алғысы келеді”;
5 пайызы – басқа банктерден несие алуға ниетті;
2 пайызы – ақшаны құрылысқа жұмсағысы келеді;
1 пайызы – басқа мақсаттар үшін жұмсағысы келеді.

Комментарий