Жаңалықтар | Новости

Зейнетақы жинақтарын жөндеу жұмыстарына алуға бола ма?

“Отбасы банк” өкілдері қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін пәтер жөндеуге ала ала ма деген сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Отбасы банктің” өңірлік даму директоры Рахиля Балтабаева ережеде зейнетақы жинақтарын жөндеу жұмыстарына алу қарастырылмағанын айтты.

“Өкінішке қарай, ережеде жөндеу жұмыстары қарастырылмаған. Сіз бір шарт шеңберінде тұрғын үй сатып алып, жөндеу жүргізген болсаңыз, жөндеу жұмыстарын жасай аласыз. Жеке жөндеу үшін рұқсат етілмейді”, – деді ол.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға арналған өтінімдер қабылдайтын сайт 23 қаңтарда іске қосылатыны хабарланды. “Отбасы банк” өкілдері өтініш бергенге дейін қолданыстағы ЭЦҚ болуы қажет екенін ескертеді.

Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Биыл 2 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік беретін заңға қол қойған еді.

Комментарий