Синоптиктер 23-25 қаңтар күндері ауа райы қандай болатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі “Қазгидромет” өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамында, Қазақстанда 40 градус аяз болады.
“Салехард аудандарынан суық антициклон Қазақстанның ауа райына әсер етеді. Жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының төмендеуі болжанады: оңтүстік аймақтарда -10…-20 градусқа дейін, солтүстік аймақтарда -32…-40 градусқа дейін. Еліміздің кей жерінде тұман және желдің күшеюі күтіледі”, – деді синоптиктер.
Комментарий