Жаңалықтар | Новости

Зейнетақы жинағын алу: ұсталатын салықты қалай төлеуге болады?

Зейнетақы жинағынан тұрғын үй үшін ақша алған кезде ұсталатын салықты қалай төлеуге болады? Бұл сұраққа “Отбасы банк” өкілі Расул Рамазанов жауап берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Порталда өтінім берген кезде салықты бірден алуын не зейнетке шыққаннан кейін ай сайын алып тұруды таңдауға болады. Мысалы қазір бір жолғы зейнетақы төлеміңізді алып, ол шамамен 2 миллион теңге болса, 200 мың теңге (10 пайызын) бірден төлей аласыз не зейнетке шыққан кезде сол 200 мың теңгені бөліп төлеп отырсаңыз болады”, – деді “Отбасы банк” АҚ Сату және аймақтық даму департаментінің бас менеджері Расул Рамазанов Instagram желісінде өткен онлайн-брифингте.

Айта кетейік, егер ақшаны тұрғын үй үшін алса, шешіп алынған ақшаның 10 пайызы салық ретінде ұсталады.

Комментарий