Жаңалықтар | Новости

Танымал блогер тыржалаңаш суретін жариялап, көпшіліктің ашуын келтірді

“Барби” атанған қазақстандық блогер, модель Динара Рахымбаева көпшіліктің ашуын келтірді. Желіде тыржалаңаш суретін жариялаған ол сын астында қалды, деп жазады stan.kz.

“Әйел деген ең керемет әрі ең мықты жаратылыс”, – деп жазды Динара парақшасында. 

Динара Рахымбаева желіде неше түрлі суреттер жариялап, әртүрлі жазба жариялайды. Түрлі образдарымен танымал. Бірнеше пластикалық ота жасатқан қуыршақ қыз ел аузында “Барби” атанып кетті.

Бұл жолы қуыршақ қыз парақшасында тырдай жалаңаш суретін жариялады. Желідегі оқырмандары жаппай жағымсыз пікір қалдырып, ашуын білдірді.

“Бұныңыз артық болды”, “Адам есіре берсе, азғындыққа жетелейді”, “Мұны ұят деп ешкім көрмей ме?”, “Тоқтау салар ешкім болмады ғой”, “Осындай адамдар балаларды бұзады”, “Жаратылысты айту үшін жалаңаштану керек пе?”, – деп жазды олар.

Комментарий